Алматылық оқушы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zmxP7rxsK1O0Xzf841kY1st61wqxo0FI309i1lHR.webp

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынды. Технология құрғақ жағдайда да су алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған  еді.

«Қазақстанда да оның жобасы  қолдау тапты. Өнертабысты  құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің  сыйлығымен марапатталды. Оның жетістіктері гимназия тарихына жазылды және жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін өзгертуі мүмкін»,-деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Дана Қадырбек заманауи наноматериалдарды қолдана отырып, атмосфера су жинайтын құрылғы ойлап тапқан еді.

Yorumlar
Diğer Haberler