Мұқтар Шахановтың қайтыс болуы қазақтардың ішінде бұғып, сыртқа ақтарылуға себеп таппай жатқан шлюзді ашып жібергендей болыпты ғой. Кешеден бері естіп, оқып жатқан әңгімелердің шеті көрінбейді. Егер рас болса, кейбірі тіпті сұмдық.
Жалпы өлген адамның соңынан ғайбат сөз айту дұрыс емес-ау, бұл қазақтың салтында жоқ еді ғой әуелден. Не болып кеткен бізге, ең болмағанда топырағы кеппей ме? Жақсы да, жаман да жағы бар шығар, бірақ қалай болғанда да Шаханов - қазақ тарихында ізі қалған адам, ол - факт. Уақыт өте келе асықпай талдана жатар, оны да көрерміз бұйыртса.
Бекер жаздым ба? Орынсыз сөз естіп қалам-ау біреуден? Бірақ... бәріміз үндемей бұғып қала берсек не болады? Білмеймін әйтеуір... осының бәрі маған ұнап тұрған жоқ. Қазақ салты жаппай бұзылуға айналып бара жатыр... ақырын берсін. Мыңдаған жылдар бойы, өмірдің өзінен екшеліп-сұрыпталған әдет-ғұрып, салттар еді.
