Бала бетінен ұрған тәрбиешіге қатысты іс қозғалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HGU1NVVJHvCARkyr1W9eIqxgG9BCwVJxnurNxYiQ.jpg

Теміртау қаласында баланы ұрған тәрбиешіге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Балабақша тәрбиешісінің кішкентай қызды бетінен ұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде кең тараған. Оқиға қоғам тарапынан қызу талқыланып, тұрғындардың наразылығын туғызды.

Белгілі болғандай, оқиға «Айгөлек» балабақшасында болған. 36 жастағы тәрбиеші полиция бөлімшесіне жеткізіліп, мән-жай анықталуда. Сонымен қатар, баланың анасы да құқық қорғау органдарына шақырылған.

Полиция мәліметінше, анасы арыз жазудан бас тартқанымен, бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген. Іс кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау және қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Yorumlar
Diğer Haberler