Нұрай ісі. Күдіктіге жүргізілген сараптама нәтижесі белгілі болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7qiPgK7XUhcNA9Ik7N56cQFpLEl1pAvPpLpeSsd3.png

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сараптама нәтижелері дайын болды. Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргіздік. Қазір оның нәтижелері алынды. Айыпталушы заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді», – деді вице-министр.

Бұған дейін 21 жастағы бойжеткенді  өлтірді деген күдіктінің мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберілгені айтылған еді.

Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтарда пышақ жарақатынан қаза болған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler