Франция президенті Армения туралы пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zkE05WEo3F4omAeoz6h8QBXhZmgMueaFuUJ0Knmr.jpg

Франция президенті Макрон Арменияның саяси бағыты өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Франция президенті бұл пікірін Никол Пашинян қатысқан Еуропалық саяси қауымдастық саммитінде айтты. 

Президент өз сөзінде Армения бұрын Ресейдің ықпалындағы мемлекет ретінде қарастырылғанын, алайда соңғы жылдары елдің сыртқы саяси бағыты өзгергенін айтқан. Оның айтуынша, шамамен сегіз жыл бұрын халықаралық қауымдастық Арменияны Ресейге тәуелді мемлекет ретінде қабылдаған.

Макрон 2018 жылғы «барқыт революциясын» еске салып, Пашинян бастаған реформалар елдің ішкі саясаты мен сыртқы бағытына әсер еткенін жеткізді. Оның пікірінше, Армения біртіндеп Еуропаға жақындау бағытын таңдаған.

Франция президенті қазіргі таңда Арменияның халықаралық деңгейде бұрынғыдай Ресейдің одақтасы ретінде емес, дербес сыртқы саясат жүргізетін мемлекет ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler