Қызылорда облысында жаңа әкімді тағайындау мәселесі қаралады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/M6ira5tVSUZn18CfckBw5qUTN0xXJyejViw4svcz.webp

Қызылорда облысында облыс әкімі лауазымына жаңа кандидатураны тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жиын 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді. Хабарламада бұл процесс Қазақстан Республикасы Президентінің №912 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Облыс әкімдігіндегі өзгерістер бұған дейінгі кадрлық тағайындауларға байланысты орын алып отыр. Қызылорда облысының әкімі қызметін 2022 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Нұрлыбек Нәлібаев атқарып келген. Ол 6 мамыр күні Роман Скляр орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Енді мәслихат депутаттары жаңа облыс әкімі кандидатурасына келісім беру мәселесін қарастыратын болады. 

Yorumlar
Diğer Haberler