Түркияда қазақстандық қаза тапты деген ақпарат тарады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NqAUVEiqNvSFa9XdiNxB7A0qVbTdbVhB7HVIY0AI.jpg

Түркияның Анталия қаласында қазақстандық қаза тапты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ дерегінше, жол апатынан 27 жастағы қазақстандық Құбат Аманбеков қаза тапты.

Қайғылы оқиға түнгі уақытта Белек курорттық ауданындағы Барыш көшесінде болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 43 жастағы жүргізуші басқарған коммерциялық такси велосипедпен соқтығысқан. Велосипедті Құбат Аманбеков мінген.

Соққы салдарынан жігіт жолға ұшып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер келген кезде оның көз жұмғанын анықтады.

Марқұм Анталияның бес жұлдызды қонақүйінде бармен болып жұмыс істеген.

Такси жүргізушісі полиция бөлімшесіне апарылған.

 

Yorumlar
Diğer Haberler