Түркістанда музейлер уақытша жабылады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RJ9slO7xglllnDHQmMe4ieIOGotvNLo3T4NJFaU3.jpg

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне байланысты уақытша шектеулер енгізіледі.

Осыған орай 14-15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты барлық музейлер келушілер үшін жабық болады.

Музей-қорық әкімшілігінің хабарлауынша, аталған күндері «Тикетон» және «Давай сходим» платформалары арқылы онлайн билет сатып алу да уақытша тоқтатылады.

Шектеулер Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне шет мемлекеттер басшыларының қатысуына және халықаралық деңгейдегі іс-шара барысында қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты енгізіліп отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler