Ұлттық барлау басқармасының директоры қызметінен кететінін мәлімдеді

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lutdK3hRO48qmWY5vyoRdgcytKNMi4oR0nvS3KUd.jpg

Тулси Габбард АҚШ президенті Дональд Трампқа қызметтен кету туралы өтініш бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп. 

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Габбардтың айтуынша, ол 2026 жылдың 30 маусымынан бастап қызметінен кетеді. Бұған жолдасы Абрахамның сирек кездесетін сүйек қатерлі ісігіне шалдыққаны себеп болған.

«Америка халқына Ұлттық барлау директоры ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды», – деп жазды Тулси Габбард.

Өз кезегінде Дональд Трамп оның қызметін жоғары бағалап, Габбардтың міндетін уақытша оның бірінші орынбасары Аарон Лукас атқаратынын хабарлады.

Бұған дейін The Wall Street Journal Габбардтың қызметтен кетуді жоспарлап отырғанын жазған еді. Басылым мәліметінше, ол АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әскери әрекеттерін талқылауға қатыспаған және Таяу Шығыс жөніндегі пікірлері Трамп әкімшілігінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеген.

Атап айтқанда, Тулси Габбард АҚШ пен Израильдің аймақтағы мүдделері әртүрлі екенін айтып, америкалық барлау органдарында Иранның ядролық бағдарламаны қайта қалпына келтіріп жатқаны туралы нақты дәлел жоқ екенін мәлімдеген. 2026 жылдың көктемінде The Guardian та Трамптың Габбардтың Иранға қатысты ұстанымына көңілі толмайтынын хабарлаған болатын.

Тулси Габбард Ирактағы әскери қызметтен өткен және отставкадағы подполковник саналады. Ұлттық барлау басқармасын басқарған кезеңде ол ведомство штаттарын қысқартып, бұған дейін құпия сақталған жарты миллионнан астам үкімет құжатын жариялауға бастамашы болған.

Yorumlar
Diğer Haberler