Венгрия премьері шенеуніктердің жалақысын қысқартпақ

242
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AMR1mwcFfSq5tPbGvu71dyTtS0ub1gFFRwHfZVPH.webp

Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр венгр саясаткерлері мен депутаттарының, соның ішінде өзінің де жалақысын қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Премьер-министрдің жалақысы, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, парламент мүшелерінің және әкімдердің еңбекақысы айтарлықтай қысқартылады», – деді Мадьяр RTL телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, премьер-министр ретіндегі айлық жалақысы салыққа дейін 2,3 миллион форинтті (7,4 мың доллардан астам) құрайды. Ал Венгрия парламенті депутаты ретіндегі жалақысымен бірге жалпы табысы салыққа дейін 3,8 миллион форинтке (шамамен 12,3 мың доллар) жетеді. Сонымен қатар Мадьяр бұрынғы премьер-министр Виктор Орбан жалақысының бұдан екі есе жоғары болғанын айтты.

Венгрия премьері парламент депутаттарының жалақысын қысқарту арқылы төрт жыл ішінде елдің бір жылдық бюджетіне тең қаржы үнемдеуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мадьяр ЖІӨ өсімі 2%-дан асады деген үміт білдірді. Алайда ол Еуроодақ қорларынан бұғатталған қаражатты қайтару үшін ауқымды жұмыс қажет екенін айтты. Осыған байланысты премьер-министр «биыл жазда министрліктерде ешкім демалысқа шықпайды» деп ескертті.

Yorumlar
Diğer Haberler