Тіл аясындағы талап. Депутаттар әліпби туралы айтты

136
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fY89t1kNF565CGmognvLwQpgWQhxtmb4qOo4kNj0.jpg

Мәжілісте қазақ тілі бойынша алынатын емтихан қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-қа сілтеп.

Мәжілісте техникалық және кәсіптік білім беру мен көші-қон мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Мұрат Әбенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қандастарға енгізген талаптарын сынға алды. Оның айтуынша, бұған дейін қандастар өздері қалаған өңірге қоныстана алса, қазір пилоттық жоба аясында тек белгілі бір аймақтарға ғана жіберіледі. Сонымен қатар, бұрын қазақ тілінен Kaztest тапсырмаған этникалық қазақтарға енді мемлекеттік тілден емтихан енгізілген. Депутат шетелдегі көптеген қазақ кирилл әліпбиін білмейтінін айтып, бұл талап олардың құқықтарын шектейтінін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Казыбек Иса да бұл мәселеге қатысты пікір білдірген. Ол Азаматтық кодекстің 17-бабында этникалық қазақтардың қазақ тілінен емтихан тапсырудан босатылатыны көрсетілгенін айтып, пилоттық жоба заңға қайшы келуі мүмкін екенін мәлімдеді.

“Қытайдағы және басқа елдердегі қазақтар басқа әліпбиді қолданады. Сондықтан олардан қазақ тілінен тест талап ету қаншалықты әділетті?” - деді депутат.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ербол Тұяқбаев бұл талап әзірге тек пилоттық жоба аясында енгізілгенін айтты.

“Қандас Қазақстанда өмір сүргісі келсе, күнделікті өмірде ойын еркін жеткізе алуы қажет. Сондықтан қазақ тілін білу — міндетті талап. Бұл — халықаралық тәжірибе”, - деді Тұяқбаев.

Yorumlar
Diğer Haberler