Путин сапары қарсаңында. Белсендінің әлеуметтік желідегі жазбасы тергеуге себеп болды

148
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HtPqeJGzVqocDwADtrcced1muvo0o2UlinBv2cYk.jpg

Қазақстан полициясы Ресей президенті Владимир Путиннің елге сапары қарсаңында республикаға қатысты пікір білдірген белсенді Марат Жанұзақовтың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты әрекет етті. Ер адам ұсталып, тек түнде ғана босатылғанын өзі Facebook парақшасында жазда, деп хабарлайды "Адырна". 

Жанұзақов Қазақстан және Украина туларымен түсірілген фото жариялап, плакатта: «Қазақстаннан кет! Слава Украине!» деген жазба көрсеткен. Бұл акцияның нақты кімге бағытталғаны ресми түрде көрсетілмегенімен, оның Путиннің Астанаға сапарына орай жасалғаны байқалады.

Сол күні Жанұзақовтың қызы әкесін полиция ұстап әкеткенін хабарлаған. Кейін түнде белсенді үйіне жіберілгенін жазды. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары даулы жазбаны өшіруді сұраған, алайда ол «ойланатынын» айтқан.

Жаңалық жарияланған сәтте бұл жазба Марат Жанұзақовтың Facebook парақшасында әлі де болған.

«Азаттық Азия» дерегінше, Жанұзақов бұған дейін де саяси ұстанымы үшін ұсталған. 2024 жылғы 27 қарашада Путиннің Қазақстанға сапары кезінде ол серіктестерімен бірге Қазақстан және Украина тулары бар плакат ұстап шыққан.

Сол кезде сот плакаттағы жазбаны қоғамдық орында балағат сөз деп танып, белсенділерді ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салған.

Yorumlar
Diğer Haberler