Сайлау алдында. Арменияда бүгін – «тыныштық күні»

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ybudcKacUdB3720lxjUv60o1pTvAaYNzlgbnVuiP.jpg

Арменияда 7 маусымда өтетін парламент сайлауы қарсаңында бүгін «тыныштық күні» жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Осы уақыттан бастап кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа, көпшілік алдында сөз сөйлеуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі саяси насихатқа тыйым салынады.

Биылғы сайлау тартысты өтеді деп күтілуде. Дауыс беруге екі саяси блок пен 16 партиядан тұратын жалпы 18 саяси күш қатысуда. Парламентке өту межесі бұрынғыдай жоғары деңгейде сақталған: партиялар үшін – 4 пайыз, екі партиядан құралған блоктар үшін – 8 пайыз, ал ірі бірлестіктер үшін – 10 пайыз.

Сайлаудағы басты бәсеке қазіргі билік пен оппозиция арасында өрбіп жатыр. Премьер-министр Никол Пашинян елдің саяси бағытын сақтап қалуға ұмтылса, оның негізгі қарсыластарының бірі ретінде «Күшті Армения» блогының жетекшісі, кәсіпкер Самвел Карапетян аталады. Қазіргі уақытта ол үйқамақта отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler