Індеттен көз жұмғандар саны екі жүзге жуықтады

207
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/acAtY9xAu3Z9LZsOE3hjgMiGtArlr99dtRTmb0Z2.jpg

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетіне шалдыққандар саны 808 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна".

Шетелдік БАҚ дерегінше, 192 науқас көз жұмды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте 26 жаңа жағдай расталып, 11 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта індеттен болатын өлім-жітім деңгейі 23,8 пайызды құрап отыр.

Бүгінде 363 науқас оқшауланып ем қабылдауда. Сонымен қатар, індет басталғалы бері 48 адам толық сауығып шыққан.

Эбола вирусының таралуын тежеу мақсатында Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Еске салсақ, 15 мамырда Эбола-Бундибугио вирусынан туындаған індеттің ресми түрде таралғаны жарияланған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler