Қазақстандық оқушылар Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында өткен 10-шы Еуропалық физика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысқан.
Күміс медаль иегерлері:
• Сейтқамит Арғын – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
• Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегері:
• Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.
Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірген.
Еуропалық физика олимпиадасы – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі.
