АҚШ пен Италия басшыларының арасындағы шиеленіс. Франция президенті пікір білдірді

160
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CReEFNyT0A1fi9KwBSnyZWw6vuVTSZQmY8suVx2s.jpg

Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамп пен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони арасындағы жаңа шиеленіске таң қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Италияның ANSA агенттігінің сұрағына жауап берген Макрон:

«Мен таңғалдым», – деп қысқа пікір білдірді.

Сонымен қатар ол 25 маусымда Антиб қаласында өтетін үкіметаралық саммит аясында Мелонимен кездесіп, аталған жағдайды талқылайтынын айтты.

Бұған дейін Трамп La7 телеарнасына берген қысқаша сұхбатында Мелони G7 саммиті кезінде онымен бірге суретке түсуге «өтінгенін» мәлімдеген болатын. Өз кезегінде Мелони бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Трампты шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты деп айыптады. Италия премьері мұндай әрекетке көңілі қалғанын жеткізді.

Сондай-ақ Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни 21–22 маусымға жоспарланған АҚШ-қа сапардың күші жойылғанын хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler