Өзбекстан мен Иран министрлері аймақтағы ахуалды талқылады

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HTNfulmnkFGwZmFynhb3yPv0SeOhEmLVak9FQOrA.webp

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Иранның сыртқы істер министрі Сеййед Аббас Арагчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әңгіме барысында тараптар жуырдағы қақтығысты реттеу жөнінде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысын және өңірдегі қазіргі ахуалды талқылады. 

Өзбекстан тарапы аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын тағы бір мәрте растады. 

Сондай-ақ тараптар диалогты сақтаудың және қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде орындаудың маңызын атап өтті. 

Бұдан бөлек, министрлер өзбек-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тығыз консультацияларды жалғастыруға уағдаласты. 

Yorumlar
Diğer Haberler