ӘЧ-дегі сәтсіздіктен кейін. Сауд Арабиясы футбол федерациясының басшысы қызметінен кетті

766
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MjnZMUAOHHc0VEIpidksvqmXIsV2MDodPd8Ejy9q.jpg

Сауд Арабиясы футбол федерациясының президенті Ясир әл-Мишаль 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың сәтсіз өнер көрсетуінен кейін қызметінен кетті. Бұл туралы Arab News басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен және директорлар кеңесіндегі әріптестерім Сауд Арабиясы футболын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Еліміз бен жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға тырыстық. Алайда ұлттық құраманың әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмауы – ортақ мақсат-мүддемізге сай келмейтін нәтиже. Бұл үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын және құраманы бұдан да жоғары деңгейде көреміз деп үміттенген жандардан кешірім сұраймын»,– деді ол.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы құрамасы H тобында Испания, Кабо-Верде және Уругвай құрамаларымен бірге өнер көрсетіп, екі ұпай ғана жинаған еді. Нәтижесінде команда топта соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Yorumlar
Diğer Haberler