Оқу орталығының шатыры құлап, 14 бала қаза тапты

371
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Lg15IeIouSB62QMGAp2l13cJNt2mIxz3mIkhIrZ4.jpg

Пәкістанның Лахор қаласында оқу орталығының шатыры опырылып құлап, кемінде 14 бала қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Dawn газетіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 маусым күні болған. Шатыр құлаған сәтте сынып ішінде ондаған бала болған. Олар үйінді астында қалып қойған.

Құтқару қызметінің ресми өкілі Фарук Ахмедтің сөзінше, қайғылы жағдай Пенджаб провинциясындағы Кахна ауданында тіркелген.

«Оқиға салдарынан 14 бала қаза тапты. Тағы 10 адамның жағдайы өте ауыр», – деді ол.

Айтуынша, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Rescue 1122 құтқару қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Алдын ала тергеу аясында екі адам, оның ішінде ғимарат иесі ұсталған. Лахор полициясы бас инспекторының орынбасарының мәліметінше, ұсталғандардың қатарында бұл ғимаратты жуырда салған мердігер де бар. Оның айтуынша, нысанның бір бөлігі әлі салынып жатқан және апат болған кезде құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф қаза тапқан балалардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар ол зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Yorumlar
Diğer Haberler