Ресейде жазушыны міндеттейтін кәсіби стандарт бекітілді

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HQJGhKzgmkNfaiO9krLWtx1D6QrN29eOANhnXrlO.webp

Ресейде 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жазушы» кәсіби стандарты күшіне енеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Құжат 2032 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады. Ол елдің әділет министрлігінде тіркеліп, құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды.

Жаңа стандартқа сәйкес, жазушының кәсіби міндеттері қатарында шығарманың тұжырымдамасын, жанры мен құрылымын әзірлеу, негізгі мәтінді жазу, оны бастапқы және кейінгі редакциялау, материалды баспаға немесе редакцияға ұсынуға дайындау қарастырылған.

Құжатта жазушыға қойылатын негізгі талаптар да көрсетілген. Атап айтқанда, ол аудиовизуалды шығармаларды әзірлеуге арналған техникалық құралдарды пайдалана білуі, актерлермен, дикторлармен, композиторлармен, режиссерлермен және продюсерлермен бірлесіп жұмыс істей алуы тиіс. Сонымен қатар орыс тілін жетік меңгеріп, оның стильдік мүмкіндіктерін тиімді қолдануы және көркем шығарма құрудың әдістері мен сюжет құру қағидаларын білуі қажет.

Жазушы Павел Басинский бұл жаңашылдыққа пікір білдіріп, кәсіби стандарттың енгізілуі өзін «әдеби қызметкер» атауы қанағаттандырғанымен, көптеген автор үшін «жазушы» мамандығын ресми түрде тану әлеуметтік қорғаныс тұрғысынан маңызды екенін айтты.

Құжатқа сәйкес, әдеби шығармалар жазумен бакалавриат немесе мамандану бағдарламасы бойынша жоғары білімі бар, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау бағдарламасынан өткен азаматтар айналыса алады. Бұл ретте еңбек өтіліне қатысты міндетті талаптар қарастырылмаған.

Yorumlar
Diğer Haberler