ЮНЕСКО қазақстандықтарды құттықтады

195
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b9MLez6Y9kp0LYiOWFY8iJUWqxokld4fPQvfKLrA.jpg

ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұйым өкілдері Қазақстандағы домбыраға деген ерекше құрметті жоғары бағалайтынын және мәдени мұраның осы бірегей түрін сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы елдің жұмысына қолдау білдіретінін атап өтті.

«Қазақтың домбырамен күй орындау өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды өз тарихымен, ұлттық болмысымен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстандағы домбыраға деген ерекше құрметті жоғары бағалайды әрі осы баға жетпес мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге бағытталған күш-жігерді құптайды», — деді ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler