«Төмен деңгейдегі адамдар». Трамп Иранмен мәміле жасауға құлықсыз екенін айтты

281
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8Ob3AWjeFzOafSQkxlPK4bHhdJKsAF1NqzeWo3y1.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иранмен жасалатын келісімге келсек, мен үшін бұл мәселе жабылды. Олармен енді ешқандай байланысым болғанын қаламаймын», – деді Ақ үй басшысы 8 шілде күні Анкарада өткен НАТО-ға мүше мемлекеттер басшыларының 36-саммитінің негізгі отырысы алдында.

Америка көшбасшысы Иранмен бұдан былай келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін де атап өтті.

«Меніңше, бұл мәселе аяқталды. Шынын айтсам, олармен мүлде байланыс жасағым келмейді. Олар – аянышты, төмен деңгейдегі адамдар. Менің не айтқым келгенін түсініп тұрсыз ғой? Бұл – ауру адамдар. Оларды қатыгез, зорлық-зомбылыққа бейім адамдар басқарады. Егер олардың қолында ядролық қару болса, оны міндетті түрде қолданар еді. Сондықтан, менің ойымша, бұл мәселе түбегейлі жабылды», – деді Дональд Трамп журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар АҚШ президенті америкалық келіссөз жүргізушілермен кездесетінін айтты.

«Меніңше, олармен жұмыс істеу – уақытты босқа жоғалту. Олар өтірік айтады. Біз келісім жасай аламыз, ал егер келісімге қол қойсақ, онда ол күшінде болады», – деп қосты Ақ үй басшысы.

 

Yorumlar
Diğer Haberler