Вьетнамда туристер қайығы апатқа түсіп, 15 адам қаза тапты

181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HtIoqNac9GTTXEDYoulhOv4ne2dfOVDZcC3PpHQ3.jpg

Вьетнамдағы Фукуок аралы жағалауында 36 адам мінген туристік қайық аударылып, 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, қайық бортында Үндістаннан келген 32 турист пен экипаждың төрт мүшесі болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Іздестіру-құтқару операциясына екі кеме мен төтенше жағдайлар қызметінің 35 қызметкері жұмылдырылды.

Апаттан 21 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың ішінде екі әйел мен 13 ер адам бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ірі толқындар мен дауылды жел себеп болған.

Yorumlar
Diğer Haberler