Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

155
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bZEJMfQ4o5uotnv5AZctSkK6N7eLTkmM2gZDmPSq.jpg

Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды. Бұл туралы 29 шіледеде Әскери полицияның бас басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

23 шілдеде бөлімнен шығып кеткен қатардағы жауынгер әскери полиция бөліміне жеткізілген.

«Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып,  қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен»,  - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру кезінде сарбаз командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметкерге іздеу жарияланғанын жазған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler