Баянсұлудың жаңа белесі: «Qumar» бейнебаяны кең аудиторияның назарын өзіне аударды

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XxSguvneEig9Nzt9CkOjIIWSuPFjxfyw4QF1gTyo.png

Көпшілік тағатсыздана күткен тұсаукесер өтті. Баянсұлу «Qumar» атты жаңа әні мен оған түсірілген бейнебаянды ұсынды.

Жаңа туынды жарық көрісімен-ақ көпшіліктің назарын өзіне аударып, әлеуметтік желі қолданушылары оның кинематографиялық көркем шешімін, ерекше атмосферасын және әншінің жаңарған образын қызу талқылауда.

Премьераға дейін жарияланған әннің қысқа үзіндісі әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық тудырған еді. Енді тыңдармандар шығарманы толық нұсқада тыңдап, оның ерекше эмоциясы мен әсерін сезіне алды.

«Qumar» – Баянсұлудың өмірі мен шығармашылығындағы маңызды өзгерістерден кейінгі алғашқы музыкалық премьерасы. Әншінің айтуынша, бұл шығарма – музыка тілімен өрілген шынайы сыр, оның шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастауы.

«Qumar» әні мен ресми бейнебаяны барлық цифрлық музыкалық платформаларда қолжетімді.

Yorumlar
Diğer Haberler