Батуми порты арқылы. «Теңізшевройл» мұнай экспортын қайтадан бастады – БАҚ

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QD2XkxISFFL73wEWogSwm3xOKtP71nnOZ8Jq8Nk6.webp

«Теңізшевройл» Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тиеудің уақытша тоқтатылуына байланысты мұнай экспортын Грузиядағы Батуми порты арқылы қайта бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Reuters-ке сілтеп.

Reuters агенттігінің мәліметінше, компания Теңіз кен орнынан өндірілген шамамен 20 мың тонна мұнайды теміржол цистерналары арқылы Батуми портына жөнелткен. Онда мұнай танкерлерге тиеліп, Қара теңіз арқылы Түркияға жеткізіледі. Компания бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

КҚК Қазақстан мұнай экспортының 80 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Алайда 30 шілдеде Новороссийск маңындағы теңіз терминалында мұнай тиеу дрондар шабуылына байланысты уақытша тоқтатылды.

Осыған байланысты Қазақстанның энергетика министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство КҚК жұмысының толық тоқтатылуы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, 31 шілдеде мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылғанымен, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарларды толтыру жалғасып жатыр. 1 тамыздан бастап тәулігіне шамамен 100 мың тонна мұнай қабылдануда. Тасымал көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің уақытылы тиеуге қойылуына байланысты болады.

Энергетика министрлігі қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумы және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler