"Қарғысты қайтарамыз". Қарағандыда зейнеткер 15 миллион теңгесінен айырылды

175
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CN3gFb8i2yxcGYZliVQSqI9bvTNahDapmI63RhvG.jpg

Қарағандыда өзін "емші" әрі "балгер" ретінде таныстырған үш әйел 78 жастағы зейнеткерді алдап, оның 15 миллион теңге тұратын алтын бұйымдары мен ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды "Адырна".

Полицейлер күдіктілерді жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсірді.

Үйіне қайтып бара жатқан қарияға көшеде үш бейтаныс әйел жолығып, әңгімеге тартқан. Зейнеткердің сеніміне кірген олар "жақын адамы салған ескі қарғыс бар" екенін айтып, егер оны дереу қайтармаса, өзіне қымбат адамның өміріне қауіп төнетінін жеткізген.

Үйінен шикі жұмыртқа әкелуді сұрап, соңында қарғыстан арылу үшін барлық алтын бұйымдары мен ақшасын газетке орап беруді талап еткен. Бірнеше күннен кейін қарғысы қайтқан түйіншекті ашса, ішінде алтын да ақшада жоқ болып шыққан.

Осылайша зейнеткердің 15 миллион теңгені құрайтын алтын әшекейлері мен жинаған қаражаты қолды болды.

Іздестіру барысында, күдіктілердің Теміртау қаласында жүргені белгілі болып, олар ұсталды. Кейін жәбірленуші оларды Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы полиция бөлімінде таныды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша әйелдер уақытша қамауға алынды.

Yorumlar
Diğer Haberler