Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде

155
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TjktkttoiOz5RLXmXQx2CjaIAziNjM2T4SCPv64D.jpg

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала көшелерінде тазалық пен экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуде.

Іс-шара барысында қоқысты белгіленбеген орындарға тастаған және санитариялық талаптарды бұзған бірқатар азаматтар анықталып, оларға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Акция аясында қала әкімдігі және «Қызылорда тазалығы» мекемесімен бірлесіп арнайы жұмыс топтары құрылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Тексеру барысында кейбір кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру және тазалық талаптарының сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.

2026 жылдың 7 айындағы көрсеткіштер:

* абаттандыру қағидаларын бұзудың 9 мыңнан астам дерегі анықталды;
* ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 1 932 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді;
* абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 7 163 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
* 20 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Іс-шара барысында 20 мобильді топ құрылып, 7 255 рейдтік іс-шара өткізілді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аула аумақтарын және елді мекен маңын тазалау кезінде қоқысты бей-берекет тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп, санитариялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.
Ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Көшелерді, саябақтарды, аулаларды, аялдамаларды және басқа да қоғамдық орындарды ластау – қоғамға және қоршаған ортаға деген жауапсыз көзқарастың көрінісі.
Тазалық әркімнің өзінен басталады. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы туған өлкеміздің тазалығын сақтауға әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз.
Естеріңізге сала кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Таза Қазақстан» – таза бүгін мен жарқын болашақтың кепілі!

Yorumlar
Diğer Haberler