Орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады. Екі адам қаза тапты

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/moTk5b7tuSqsxkbeKxrKYAq6rLn24khDDdUPSZGt.webp

АҚШ-тың Юта штатында орман өртін сөндіру кезінде апатқа ұшыраған Widemouth 2 тікұшағынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Report АҚШ-тың Ұлттық ведомствоаралық өрт сөндіру орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, апат салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан. Алайда жергілікті билік бастапқыда олардың қаза болғанын растамаған. Себебі құтқарушылар тікұшақ апатқа ұшыраған жерге қауіпсіз түрде жете алмаған.

Еске сала кетейік, 8 тамызда АҚШ-тың Юта штатындағы ірі орман өртін сөндіруге қатысып жатқан Sikorsky S-64 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler