Президент Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады

494
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JSF0iRZsLn2fCkV1mcsBQcK8JOvllr3O3qnKuTs1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы бүгін, 10 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!»–делінген жеделхатта.

Еске салайық, Бақтыбай Рахманұлы 66 жасында өмірден озған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler