«Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі Қазақстан мен Өзбекстанда кассалық рекорд орнатты

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kY3Ta2yWVrCaPiCh9tAj7wc6EieexWiyvs38s1f6.webp

Sony Pictures компаниясының «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі Қазақстан мен Өзбекстанда кассалық табыс бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Vlast.kz мәліметінше, фильм Қазақстанда прокаттың алғашқы үш күнінде 1,37 млрд теңге (2,94 млн доллар) жинаған. Осылайша, картина 1 млрд теңге межесіне ең жылдам жеткен фильм атанды. Бұған дейін бұл рекорд «Аватар: Су жолы» мен «Зверополис 2» фильмдеріне тиесілі болып, олар аталған көрсеткішке алты күнде жеткен еді. Алғашқы демалыс күндеріндегі жалпы түсімнің 5,6 пайызы қазақ тіліндегі нұсқаның үлесіне тиесілі болған.

Өзбекстанда фильм кең прокатқа 6 тамызда шыққан. Afisha.uz хабарлауынша, картина алғашқы күні-ақ 1,07 млрд сум (90,2 мың доллар) жинап, елдің кино прокаты тарихындағы абсолюттік рекордты жаңартқан. Фильмді 15 838 көрермен тамашалаған. Өзбек тіліндегі дубляж алғашқы күнгі кассалық түсімнің 11,5 пайызын қамтамасыз еткен.

Vlast.kz мәліметінше, алғашқы демалыс күндерінің қорытындысы бойынша фильмнің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения және Тәжікстандағы жиынтық түсімі 1,67 млрд теңгеге (3,58 млн доллар) жеткен.

Бұл соманың ішінде Қазақстанның үлесі – 1,3 млрд теңге (77,8%), Өзбекстанның үлесі – 167 млн теңге (10%), Қырғызстанның үлесі – 109,1 млн теңге (6,5%), Арменияның үлесі – 81,5 млн теңге (4,9%), ал Тәжікстанның үлесі – 31,8 млн теңге (1,9%).

Yorumlar
Diğer Haberler