Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады

143
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bATOIp6JRC4hyjCjW4P6cVKx3t8gLFre8z2XQIi6.jpg

Фото: E-history.kz

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады “Адырна”.

“Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады”, делінген хабарламада.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Yorumlar
Diğer Haberler