Ресей спортшыларына қатысты шешімі үшін Головкин «Миротворец» базасына енгізілді

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Kz21xL80WN2zI89eV3T0z55GRszXCz47MY6YCJh5.jpg

Қазақстандық боксшы әрі Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing федерациясының президенті Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының дерекқорына енгізілді. Бұл туралы РИА Новости жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Сайттағы Головкинге қатысты жазба 15 тамызда жарияланған. Онда қазақстандық спорт қайраткері Ресей спортшыларына қатысты шектеулерді алып тастаған халықаралық федерацияның шешіміне байланысты сынға алынған.

«Миротворец» әкімшілігі Головкинді «Ресей агрессиясы мен Украина азаматтарының өлтірілуін жария түрде қолдады» деп айыптаған. Алайда бұл тұжырым оның жеке мәлімдемесіне емес, өзі басқаратын World Boxing ұйымының қабылдаған шешіміне негізделген.

Айта кетейік, World Boxing атқарушы комитеті 30 шілдеде ресейлік боксшыларға қатысты қолданыста болған соңғы шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдаған. Осыдан кейін Ресей спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуына қатысты талаптар жеңілдетілді.

Yorumlar
Diğer Haberler