Алматының кей ауданында жарық өшті

141
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nNzJpQrXMSIiRoeymejIYycBslAMfPeiU1KHUZQF.jpg

Алматының кей аумақтарында инфрақұрылымдағы ақауларға байланысты электр энергиясын беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна".

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, 20 тамызда сағат 16:20-да Алмалы ауданында Түркебаев, Розыбакиев, Бөгенбай батыр көшелері мен Райымбек даңғылы аралығында жарық өшкен.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұған энергияны үлестіру пунктіндегі екі ұяшықтың зақымдануы себеп болған. Мамандар ақауды жоюға кірісіп, электр қуатын толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ сағат 18:10-да Сейфуллин, Жұмабаев, Сельская және К.Беспаков көшелері маңында тағы бір апаттық өшу тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл аумақта электр қуатын қалпына келтіруге шамамен үш сағат қажет.

Yorumlar
Diğer Haberler