АҚШ одақтастарына Иран мәселесіне қатысты ультиматум қойды

609
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uAUaO4CWVIUux30ldeJTfunFIYGefsZA6E1tm2bA.jpg

АҚШ-тың Иранға экономикалық қысым жасауы ауқымды әскери қимылдардың қайта басталу ықтималдығын төмендетеді. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент CNBC телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер біз Иранға барынша экономикалық қысым жасасақ, бұл ауқымды әскери қимылдардың қайта басталмайтынын білдіруі мүмкін», – деді министр.

Бессент АҚШ-тың ультиматумға негізделген тәсіліне сүйенетін Иранды экономикалық оқшаулау стратегиясы туралы айтты. Оған сәйкес, одақтастар Вашингтонды қолдауы немесе санкцияларға тап болуы тиіс.

Ол Иранмен жасалатын кез келген іскерлік операция – банк аударымдарынан бастап мұнай саудасы мен теңіз тасымалына дейін – АҚШ Қаржы министрлігі мен үкіметінің қатаң қысымына ұшырайтынын атап өтті. Айтуынша, бұл саясаттың мақсаты – Иран экономикасының толық күйреуіне қол жеткізу.

Financial Times басылымының хабарлауынша, АҚШ тарапынан жағдай одан әрі ушыққан жағдайда Иран Еуропадағы америкалық әскери нысандарға соққы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Басылым дереккөздері ықтимал нысандардың қатарында Болгария мен Кипрдегі әскери нысандарды атаған. Сонымен бірге НАТО кез келген қауіпке төтеп беруге және одақтастарын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, шиеленістің күшеюі аясында Тегеран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) армияға ықпалын арттырып, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісін ұлғайтып, «ауқымды қарсыласуға» дайындалып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler