Атырауда 30-дан астам іскер әйел бір учаскеде дауыс берді

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eHE4WQECvhHpwuHbjZU86bVFKopLukN9HLSYKkr2.jpg

Атыраудағы №90 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жалғасуда. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлмаржан Бисембаеваның айтуынша, мұнда барлығы 2300 сайлаушы тіркелген.

Олардың арасында биыл алғаш рет дауыс беріп отырған 18 жасқа толған 18 азамат бар. Ал ең үлкен сайлаушы – 81 жастағы ер адам. Сонымен қатар 5 азамат үйден дауыс береді.

Сағат 13:00-дегі мәлімет бойынша, №90 учаскеге 800-ге жуық адам келіп, өз таңдауын жасаған. Комиссия төрағасының айтуынша, учаскедегі ахуал тұрақты, дауыс беру процесі қалыпты өтіп жатыр.

Сайлауға белсенді қатысушылардың қатарында Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де бар. №90 учаскеге 30-дан астам кәсіпкер әйел келіп, өз таңдауларын жасады. Қазіргі таңда қауымдастық құрамында 70-тен астам кәсіпкер әйел бар.

«Бүгін Атырау облысының іскер әйелдері ретінде еліміз үшін маңызды тарихи күнге қатысып отырмыз. Біздің мақсатымыз – еліміздің бүгіні мен болашағы үшін өз таңдауымызды жасау. Сондықтан әр азаматтың дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды», – деді Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ардақ Жауырова.

Кәсіпкер әйелдер сайлау учаскесіне ерекше образдарымен келіп, дауыс беру рәсіміне белсенді қатысты. Олар бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, азаматтық жауапкершіліктің әр адам үшін маңызды екенін жеткізді.

Yorumlar
Diğer Haberler