ІІМ сайлау күні қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмегенін айтты

281
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/COuCfhgJVDac93tDGpUswEjMTev0qH8dIYn8MKkG.webp

Құрылтай депутаттарын сайлау күні бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Бұл туралы онлайн-телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін жеткізді. Министрлік өкілінің сөзінше, сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз еркін білдіруіне қажетті жағдайлар жасалған.

«Он мыңнан астам сайлау учаскесінің бірде-бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Дауыс беру аяқталғанымен, ішкі істер органдарының жұмысы жалғасуда»,–деді спикер.

Полиция барлық іс-шара толық аяқталғанға дейін қызмет атқаруын жалғастырады. Жағдай ІІМ бақылауында.

Yorumlar
Diğer Haberler