Кадр саясатын Президент Әкімшілігінен бұрын шешіп қойған адамдар аз емес екен

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XulPd2F7X2DTwLd0b0kekeUZgGXKEORNVPf2MOl2.jpg

Соңғы кезде ұйықтар алдында телефонды шетке қойып, газет оқитын әдет тауып жүрмін. Телефонды қолға алсаң бітті ғой: бір жаңалық, бір хабарлама, бір видео, тағы біреу. «Бес минут қараймын» деп ашып, түннің бір уағына дейін отырып қалуың оп-оңай.

Ал газет басқа. Екі-үш бетін оқисың, көзің талады, әріптер бір-біріне қосыла бастайды. Сөйтіп ұйқың өзі келеді. Жастыққа басыңды жеткізудің осындай ескі, бірақ жаман емес әдісі бар екен).

Қолыма жиі түсетіні – «Вечерний Талдықорған». Бүгін де соны парақтап жаттым. Бір кезде ойым газеттен басқа жаққа ауып кетті.
Өсек демекші, қазір елде әкім ауыстырудың маусымы басталған сияқты. Бір емес, бірнеше облыстың әкімі кетеді-мыс. Бір жерде бір фамилия жүреді, екінші жерде басқа фамилия. Кейбір «сәуегейлер» кімнің қай облысқа баратынын, одан кейін босайтын орынға кім отыратынын да бөліп қойыпты.

Қарап отырсаң, кадр саясатын Президент Әкімшілігінен бұрын шешіп қойған адамдар аз емес екен).

Басқасын білмеймін, «Вечерний Талдықорғанның» жаңа саны жұмада шығады. Соған дейін сәуегейлер облыс әкімдерінің біразын ауыстырып үлгеретін сияқты.

Galymurat Zhukel

 

Yorumlar
Diğer Haberler