Құдалар қай жақтан? Экс-президенттің тұңғыш ұлы үйленбек — БАҚ

109
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wtpwANq0apaVOSZCmKOlCta33mZ2yI3rrzeyGikC.jpg

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман Назарбаевтың үйленетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Басылымның мәліметінше, үйлену тойы Астанадағы Тhe Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтуі мүмкін. Тойға кәсіпкерлер, саясаткерлер және Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңде жоғары лауазымды қызметтер атқарған тұлғалардың қатысуы күтіледі. Сондай-ақ қонақүй аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені айтылған.

Тауман Назарбаевтың қалыңдығы туралы ақпарат тарамады. Дегенмен, бұған дейін БАҚ бетінде оның жеке өміріне қатысты ақпарат тараған.

2023 жылдың көктемінде ғаламторда Тауман Назарбаевтың Анадэль Майдановамен атастырылғаны туралы ақпарат тараған.

Анадэль Майданова – атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің қызы.

Кейін министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарып, Тауман Назарбаев пен Анадэль Майданованың сыныптас екенін хабарлаған.

Тауман Назарбаев 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы - Әсел Исабаева, бұған дейін Әсел Құрманбаева деген атымен де белгілі болған. Ол 1999 жылы «Мисс Қазақстан» атағын иеленген.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Менің өмірім. Тәуелділіктен еркіндікке» атты мемуарында Әсел Исабаевамен мұсылмандық салт бойынша некеге тұрғанын жазған. Осы некеден Тауман және Байкен есімді екі ұлы дүниеге келген.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың денсаулығына байланысты Құрылтай сайлауына үйден дауыс бергені туралы ақпарат тараттық.

Yorumlar
Diğer Haberler