Президенттікке үміткер «Еуропа Құрама Штаттарын» құруды ұсынды

112
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kH6DjKGcWATQ4Uy9kfH5IRtdnzGaxp0uE26yfsox.webp

2027 жылғы Франция президенті сайлауына қатысатын «Ренессанс» партиясының кандидаты, бұрынғы премьер-министр Габриэль Атталь «Еуропа Құрама Штаттарын» құруды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Анадолы дерегінше, Атталь 17 қыркүйекте Реймс қаласында өткен сайлауалды шарада Еуропалық одақтың қазіргі 27 мемлекеттен тұратын форматы өз мүмкіндіктерінің шегіне жеткенін мәлімдеді. Оның пікірінше, қазіргі жүйе аясында еуропалық интеграцияны одан әрі тереңдету қиын.

«Менің ұрпағымның басты міндеті — Еуропа туралы арманды жүзеге асырып, Еуропаның Құрама Штаттарын құру», — деді ол.

Саясаткер бұл бастама біртұтас еуропалық мемлекет құруды көздемейтінін атап өтті. Оның ұсынысына сәйкес, бастапқы кезеңде экономикалық, технологиялық және экологиялық бағыттарда ынтымақтастықты тереңдетуге дайын елдерден тұратын «өзек» қалыптастыру қарастырылады.

Атталь бұл бастаманы АҚШ, Қытай және басқа да ірі державалармен бәсекелестікте Еуропаның позициясын күшейту қажеттілігімен байланыстырды.

Франциядағы президент сайлауы 2027 жылы өтеді.

Yorumlar
Diğer Haberler