Парламент есігі шетелдік туристер үшін ашық болады

107
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SyDl5kvyhTpeOVVLUeqPvhJx1P5AjlrkfsIqms6T.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Қырғызстанның Жогорку Кенеші шетелдік туристер үшін аптасына бір рет ашық болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік қонақтар парламент ғимаратына экскурсия жасап, оның жұмысымен таныса алады. Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің мәліметінше, экскурсия барысында туристер парламенттің музейі мен мәжіліс залдарын аралай алады. Экскурсиялар белгіленген тәртіппен аптасына бір рет ұйымдастырылады.

Парламенттің баспасөз қызметі мұндай экскурсиялар шетелдік қонақтарға Қырғыз Республикасындағы негізгі мемлекеттік билік органдарының бірі – парламенттің қызметі туралы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар келушілер арнайы кәдесый бұрышынан естелік өнімдер сатып ала алады.

Ал Қырғызстан азаматтары белгіленген талаптар мен келу тәртібін сақтаған жағдайда Жогорку Кенешке аптаның бес жұмыс күнінде де бара алады.

Yorumlar
Diğer Haberler