Тыңшылық дауы. Қазақстанда өзбек профессорының соты жабық өтіп жатыр

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/REbwS7ObulZomBO562SFRuSHk2ZLnrRx5PbHJY8q.webp

Қазақстанда қамауда отырған өзбекстандық профессор Иқболжон Қорабоевтың ісі аса жоғары деңгейдегі құпия жағдайда қаралып жатыр. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

46 жастағы ғалым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы – тыңшылық бойынша айыпталып, 3 шілде күні Астана қаласындағы үйінен ұсталып әкетілген болатын. Оның нақты қай мемлекеттің мүддесі үшін тыңшылық жасады деп айыпталып отырғаны белгісіз. Алайда жұбайының айтуынша, қамауға алу кезінде қазақстандық қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері Қорабоевтың Өзбекстанның пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінгенін айтқан.

Профессордың жақындарының хабарлауынша, Қорабоевқа қатысты алғашқы сот отырысы қыркүйек айының алғашқы жартысында өткен. Ал екінші сот отырысы 7 қазанда өтеді деп күтілуде.

Алайда жабық форматтағы сот процесіне Қорабоевтың отбасы мен жақындары шақырылмаған. Сондай-ақ сотқа кімдердің қатысқаны, қандай куәлар мен сарапшылардың сөз сөйлегені де белгісіз болып отыр.

Бұған дейін Қазақстанның Өзбекстан тарапына Икболжон Карабоевқа қатысты іс жөнінде дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабарлағаны айтылған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler