Экс-президенттің жұбайы қамауда жүрек талмасына ұшыраған

105
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/l5hYLIg3QeoFNgDkTIzCxgXxCiaSQsTv7YJzBT4h.webp

АҚШ-та қамауда отырған Силия Флорес жүрек талмасына ұшыраған, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Ол — Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроның жұбайы. Адвокаттары оның денсаулығына байланысты алаңдаушылық білдіріп, түрме жағдайында қажетті медициналық көмек көрсету қиын екенін айтты. Қорғау тарапы 69 жастағы әйелді Нью-Йорктегі үйге тәулік бойы күзетпен орналастыруды сұрап отыр.

Адвокаттардың айтуынша, Флорес қамауда болған кезеңде шамамен 11 келі салмақ жоғалтқан. Ол бас айналу, әлсіздік және тыныс алудың қиындауына шағымданған. Сондай-ақ оған жүрегіне операция қажет болуы мүмкін екені айтылған.

Қорғау тарапының мәліметінше, Флорес АҚШ әскери операциясы кезінде жарақат алған. Денесінде жазылмайтын тыртықтар қалғаны да айтылды.

Флорестің ісі бойынша кезекті сот отырысы бейсенбі күні өтеді. Қорғаушылары оның түрмеден босатылып, үйқамаққа ауыстырылуын сұрамақ.

Бұған дейін АҚШ федералды прокурорлары Николас Мадуро мен Силия Флореске Венесуэла түрмелерінде америкалық азаматтарды азаптауға қатысты жаңа айыптар тағуды көздеп отырғаны хабарланған.

Yorumlar
Diğer Haberler