«Шектен шықты». Маск Трамптың Зеленскийге қатысты мәлімдемесін қолдады

290
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BVvWAVzLiAx83XiYASizrjNm1ZTS6O396VL5npPl.jpg

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың «Украинаға жаңа президент сайлайтын уақыт келді» деген мәлімдемесін қолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Зеленский шектен шығып кетті», – деп жазды америкалық миллиардер X әлеуметтік желісінде.

10 қазанда Трамп Ақ үйде журналистермен әңгімелесу барысында Украинаға «келісім жасай алатын жаңа көшбасшы қажет» екенін айтқан еді. Оның сөзінше, Украина басшысы бұған дейін де көптеген келісімге қол жеткізе алар еді, бірақ қандай да бір себептермен мұны ешқашан істемейді. Сондай-ақ ол Украинаның Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын сынға алған болатын.

Трамптың пікірінше, мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққылар әлемдік отын тапшылығын ушықтырып, америкалық фермерлер мен мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге кері әсер етуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Маск Трамптың Украинаға жаңа көшбасшы қажет екені айтылған пікірін келтірген мақалаға да пікір қалдырды.

«Келісемін, Украинаға жаңа көшбасшы табатын уақыт келді», – деп жазды ол.

Қазан айының басында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Масктің Ақ үйге кеңесші ретінде оралатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Маск перспективалы қару-жарақ пен жүйелерді әзірлеу және енгізу жұмыстарын қадағалайды.

Трамп пен Масктің Зеленскийді сынауы 9 қазанда Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен «өте сәтті» әңгіме өткізгенін хабарлауынан кейін күшейген. Трамптың мәліметінше, тараптар Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде уағдаласқан.

Yorumlar
Diğer Haberler