Құлалының қасынан Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды

277
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YO4mBvcFQa7sHAeS8WiFKhfscWJsGqB8tfKNOWNw.webp

Каспий теңізінің Қазақстан жағалауында жаңа арал анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Құлалы аралы маңында жүргізілген әуе барлауы кезінде байқалған. Соңғы төрт-бес жылда теңіз суының тартылуына байланысты оның солтүстік бөлігінде бірнеше жаңа құрлық аумағы пайда болған. 

Khaleej Times басылымы Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының деректеріне сілтеме жасап, Қазақстан секторында 1996–2025 жылдары теңіз деңгейі шамамен 2,45 метрге төмендегенін жазды. Мамандар су деңгейінің төмендеуіне өзендерден келетін су көлемінің азаюы, климаттың өзгеруі салдарынан буланудың күшеюі және адам әрекеті әсер етіп отырғанын айтады.

Ғалымдардың ескертуінше, Каспийдің таяздануы теңіз экожүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе Каспий итбалықтары мен бекіре тұқымдас балықтардың тіршілік ортасына қауіп төнеді. Сонымен қатар су деңгейінің төмендеуі балық шаруашылығына, кеме қатынасына және жағалаудағы инфрақұрылымға әсер етуі ықтимал.

Мамандар Каспий теңізінің Арал теңізі сияқты толықтай жойылып кету ықтималдығы төмен екенін айтады. Дегенмен су деңгейі әрі қарай төмендесе, теңіздің солтүстігіндегі таяз аймақтарда елеулі экологиялық зардаптар туындауы мүмкін.

Бұған дейін Ақтауда Каспий теңізінің түбінен топырақ көтеріліп жатқаны хабарланған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler