ШҚО-да үй өртеніп, анасы мен екі баласы тірідей жанып кетті

117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, құтқарушылар жеткенге дейін үй толығымен отқа оранған. Өрт кезінде ғимарат шатырының бір бөлігі опырылып түскен.

Өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар әйел адамның және кәмелетке толмаған екі баланың денесін тапқан.

Ведомствоның хабарлауынша, жалын шарпыған тұрғын үйдің аумағы 63 шаршы метрді құраған.

Yorumlar
Diğer Haberler