Израиль президентінің сөзі кезінде бірнеше елдің делегациясы залдан шығып кетті

84
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LDHOq87G1V1mL8P5Fxqkd2n6EzDxZP0GkNSpEKyr.webp

Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде Израиль президентінің сөзінде 13 елдің делегациясы залдан шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталыTasnim-ге сілтеп.

Иран делегациясы Израиль президентінің сөз сөйлеуіне наразылық білдіріп, отырыс залынан кеткен. Оған тағы 12 елдің өкілдері қосылған.

Атап айтқанда, Пәкістан, Түркия, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Ирак, Мысыр, Малайзия, Индонезия және Бангладеш делегациялары залдан шыққан. 

АӨСШК – Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сенім шараларын дамытуға және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған халықаралық форум.

Yorumlar
Diğer Haberler