Тарихи Трамп. Конгресті айтқан президент Сопақ кабинетті өзгертуге тыйым салды

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі Сопақ кабинетті тарихи ескерткіш мәртебесіне теңестіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қабылданған шешімге сәйкес, бұдан былай болашақ мемлекет басшылары Сопақ кабинеттің интерьеріне елеулі өзгерістер енгізу үшін АҚШ Конгресінің келісімін алуы тиіс.

Трамптың айтуынша, Сопақ кабинет пен Ақ үйдегі президенттің ресми кездесулер өткізетін бөлмелері тарихи маңызы бар нысандар саналады. Сондықтан оларды бастапқы қалпында сақтау қажет.

«Бұл – ерекше маңызға ие бөлмелер. Олар ғасырлар бойы тарихи ескерткіш ретінде сақталуы керек. Тиісті құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін, ешкім бұл бөлмелерді бұза алмайды», - деді АҚШ президенті журналистерге.

Сондай-ақ Трамп өзі қабылдаған шешімдердің де Конгресс тарапынан мақұлдануы қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұдан былай Конгресстің рұқсатынсыз кабинеттерге елеулі өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Айта кетейік, Дональд Трамптың президенттігі кезінде Сопақ кабинеттің интерьері айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Атап айтқанда, бөлменің безендірілуінде алтын түсті сәндік элементтер көбейтілді.

Yorumlar
Diğer Haberler