Tesla электр көлігін шығаруды тоқтатпақ

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fue0LQzPFC8dKQ6VqONYb97Hrb6AMGJJZIY50kfP.webp

Tesla компаниясы 2027 жылдың ортасына қарай АҚШ-тың Техас штатындағы зауытында Cybertruck электр пикабын шығаруды тоқтатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна".

Компания өндіріс қуатын Cybercab роботаксиін шығаруға бағыттамақ. 

Tesla басшысы Илон Маск Cybertruck-ты компания тарихындағы ең үздік көлік деп атаған. Ал оның өндірісін тоқтату туралы шешімді «бір дәуірдің аяқталуы» деп бағалаған.

Tesla Cybertruck көліктерін тұтынушыларға 2023 жылдың соңында жеткізе бастады. Ол кезде Илон Маск жыл сайын 250 мың дана пикап сатылады деп болжам жасаған.

Алайда Kelley Blue Book дерегіне сәйкес, 2025 жылы АҚШ-та 20 237 Cybertruck сатылған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 48 пайызға төмен. Ол жылы 38 965 көлік сатылған.

Aston Martin компаниясының бұрынғы бас директоры Энди Палмердің пікірінше, сатылым көлемі жоспарланған деңгейге жетпесе, өндірісті жалғастырудың қажеті жоқ.

Cybertruck пикабы алғаш рет 2019 жылы таныстырылды. Тот баспайтын болаттан жасалған ерекше кузовы көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікірталас тудырды. Таныстырылым кезінде көліктің әйнегінің беріктігін көрсету үшін металл шар лақтырылғанда, екі әйнек те жарылып кеткен.

2023 жылы жеткізілім басталған тұста Илон Маск Cybertruck-ты Ford пен General Motors компанияларының пикаптарына футуристік балама ретінде ұсынған еді. Биыл Tesla сұранысты арттыру мақсатында Cybertruck бағасын едәуір төмендеткен. Алайда бұл қадам сатылымды күткен деңгейге жеткізе алмаған.

Айта кетейік, Қазақстанның ТЖМ осы көлікті сатып алғаны туралы ақпарат тараған. Министрлік деректі растап, көлікті 120 миллион теңге сатып алынғанын хабарлады. Ол төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалу үшін қажет екені аталды.

Yorumlar
Diğer Haberler