Әзербайжан Отан соғысындағы Жеңістің алтыншы жылдығын атап өтуде

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/veKLBb9Aki255dYFz1475FEbcb9llSw7dfFSXCrA.jpg

Бүгін Әзербайжанда 2020 жылы болған 44 күндік Отан соғысындағы Жеңістің алтыншы жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтуде. Жеңіс күні 2020 жылғы 3 желтоқсанда Әзербайжан президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Ильхам Әлиевтің жарлығымен белгіленген. Бұл туралы Report агенттігі жазлы, деп хабарлайды “Адырна”.

Еске салайық, 2020 жылғы 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс қайта өршіп, Әзербайжан армиясы қарсы шабуылға шыққан болатын. Баку әскери операцияның мақсаты ретінде оккупациядағы аумақтарды азат етуді, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын орындауды, мәжбүрлі қоныс аударған азаматтардың туған жеріне оралуын қамтамасыз етуді және тарихи әділеттілікті қалпына келтіруді атады.

44 күнге созылған әскери қимылдар барысында Әзербайжан армиясы 5 қала, 4 кент және 286 ауылды бақылауына қайтарды.

Атап айтқанда, Жебірейіл, Физули, Зәңгілан, Құбадлы және Шуша қалалары азат етілді. Сондай-ақ бірқатар аудандағы елді мекендер мен стратегиялық маңызы бар биіктіктер бақылауға алынды.

Соғыстың шешуші кезеңі Шуша қаласының азат етілуімен байланысты болды. Одан кейін тараптар әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімге келді. Нәтижесінде Кельбаджар, Агдам және Лачын аудандары Әзербайжанға қайтарылды.

2020 жылғы 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Ресей президенті Владимир Путин атысты толық тоқтату туралы үшжақты мәлімдемеге қол қойды.

Құжат бойынша, тараптар әскери іс-қимылдарды тоқтатуға келісті. Осылайша, 44 күндік соғыс аяқталып, аймақтағы қақтығысты реттеудің жаңа кезеңі басталды.

Yorumlar
Diğer Haberler